Іс-шара өз саласында келушілердің ең көп қатысатыны және ауқымдысы болып табылады, сондай-ақ логистикалық нарықтың негізгі ойыншыларын бір алаңда біріктіреді.
Іс-шара 1978 жылдан бастап екі жыл сайын өткізіліп келеді және теміржол, автомобиль, су және әуе жүк тасымалы саласындағы ең ірі халықаралық форум болып табылады. Биыл көрмеге әлемнің 125 елінен 65 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде логистикалық нарықтың ірі ойыншылары – Maersk, Dachser, DP World, DSV, DB Schenker, Geodis, DHL, Kühne + Nagel, Rhenus және басқалары бар.
Transport Logistics 2023 шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ - ның ірі еуропалық теміржол компанияларымен және экспедиторларымен – Deutche Bahn, Rail Cargo, Rhenus Group, Metrans және басқалармен бірқатар кездесулері болып өтті. Келіссөздер барысында ҚТЖ компаниялар тобының қызметтер кешені, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) дамыту мүмкіндіктері – инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді жақсарту, бәсекеге қабілетті тарифтік жағдайлар, озық IT шешімдерді енгізу және т.б. танысырылды.
ҚТЖ мультимодальды сервистерді дамытуға ерекше назар аудара отырып, көлік-логистикалық компанияға трансформациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқаны атап өтілді.
Сондай-ақ тасымалданатын жүктердің көлемін ұлғайту және жаңа маршруттарды іске қосу мүмкіндігі мәселелері талқыланды.