К 30-летию Независимости Казахстана | 04 желтоқсан 09:24

ҚТЖ және Abu Dhabi Ports Group бірлескен кәсіпорын құрады

"ҚТЖ" ҰК " АҚ және AD Ports Group бірлескен кәсіпорын құру туралы шартқа қол қойды. Құжатқа Дубай қаласында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында қол қойылды. 

Жаңа бірлескен кәсіпорынның жұмысы Солтүстік – Оңтүстік бағытын дамытуға, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын кеңейтуге, сауда хабтарын құруға бағытталатын болады.

ҚТЖ және AD Ports Group ынтымақтастығы Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға, экспорттық бағыттарды ұлғайтуға және Араб шығанағы елдерінде қазақстандық тауарлар нарығын құруға ықпал ететін болады.

Анықтама: AD Ports Group-БАӘ-дегі өнеркәсіптік және логистикалық оператор. Компания өңірдегі ең ірі холдингтердің бірі болып табылады. Оның портфелінде Абу – Дабидің әртараптандырылған экономикасының негізгі салаларындағы ірі кәсіпорындар бар.