К 30-летию Независимости Казахстана | 29 қыркүйек 09:11

ҚТЖ және DB серіктестікті дамыту туралы келісім жасасты

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және DB Engineering and Consulting (DB E&C) ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Құжатқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары аясында Берлинде қол қойылды.

Келісім 2019 жылы басталған табысты ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады, оның экономикалық әсері шамамен 12 млрд теңгені құрады. Стратегиялық әріптестер интермодальды тасымалдау бойынша жобаларды іске асыруды, ХАБ жүйелерін дамытуды, маркетинг, сервис және сату бойынша үздік тәжірибелерді енгізуді жоспарлап отыр, бұл ел халқы үшін көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға ықпал ететін болады. 

DВ Engineering & Consulting – 180 жылдық тәжірибесі бар ең ірі теміржол концерні Deutsche Bahn AG компаниясының еншілес кәсіпорны. Компания Еуропадағы жолаушылар және жүк теміржол тасымалы бойынша жетекші орынға ие.