К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қыркүйек 10:15

ҚТЖ жаңа экологиялық челлендж бастады

Челлендж #10 ZHASYLKÚN деп аталады.

Бастама қоршаған ортаны қорғау бойынша «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасының шеңберінде көтерілген болатын.

Челлендждің негізгі мақсаты - азаматтарды экология, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы волонтерлік қызметке тарту болып табылады.

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ ұжымы 10 күн бойы эко-әдеттерді бірге бойға сіңіруге және экологиялық пен саналы өмір салты әлдеқайда жағымды әрі қызықты екенін көрнекі түрде көрсетуге шақырады:

20 қыркүйек: «Пластикалық пакеттерден бас тартыңыз. Оларды эко-сөмкелерге ауыстырыңыз» 21 қыркүйек: «Электр қуатын үнемдеңіз» 22 қыркүйек: «Жаяу жүріңіз (лифттен, көліктен бас тарту)» 23 қыркүйек: «Кофе өзіңмен бе? Өз ыдысына құйып ал!» 24 қыркүйек: «Дәстүрлі шамның орнына қуат үнемдейтін шам» 25 қыркүйек: «Бір реттік пайдаланатын заттардан бас тартыңыз» 26 қыркүйек: «Су үнемдеңіз» 27 қыркүйек: «Жұмыс үстелінді ретке келтір» 28 қыркүйек: «Түскі асынды өзіңмен алып кел» 29 қыркүйек: «Қоқысты сұрыптаңыз»