Құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбеков қол қойды. Ұжымдық шарт 2021 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Әлеуметтік әріптестік ұстанымдарына негізделіп құрылған құжат жұмыскерлер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдаудың кепілі ретінде әзірленген. Жаңадан қабылданған шартта еңбекті қорғау, еңбекақы, еңбек құқығын қорғау, жұмыскерлер мен балаларының демалысы және сауығуы жөніндегі қолданыстағы барлық кепілдіктер сақталынған.
Сонымен қатар, қосымша жеңілдіктерді қарастыратын жаңа ұстанымдар енгізілген. Бұл қосымша төленетін еңбек демалыстарын беру, 2,3,4,5 класты станциялары, сондай-ақ Жаңаарқа, Тобыл, Өскемен-1, Шұбаркөл станциялары қызметкерлерін қызметтік көлікпен жұмыс орындарына және кері жеткізу. Өндірісте қайғылы жағдай нәтижесінде қайтқан, не болмаса еңбек ету қабілетін ішінара немесе толық жоғалтқан жұмыскерлер балаларына жазғы сауықтыру демалыстарын ұйымдастыру нормасы енгізілді. Қызметкердің қамқорлығындағы адамсыз теміржол көлігімен жол жүргенде жол жүру және транзиттік отырғызуды 48 сағатқа дейін арттырған жағдайдағы шығындарды өтеп алуы құқығы қарастырылған.
Ұжымдық шарт шеңберінде станцияда, өткелде, басып озу пунктінде тұруға мүмкіндігі жоқ жұмыскерлерге ай сайынғы үстемеақы төлеу мәселесі реттелген. Отан қорғаушылар күнің мерекелеуде компания қызметкерлеріне – Чернобыль АЭС апаты салдарларын жоюға қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге материальдық көмек төлемінің көлемі 20 АЕК-ке дейін арттырылды.
Сала қызметкерлері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ең басты активтері болып табылады. Сондықтан еңбек жағдайын, ынталандыру жүйесін үнемі жетілдіріп отыру, оқытуды дамыту, жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру компанияның негізгі кадрлық саясатының міндеттері болып табылады.