К 30-летию Независимости Казахстана | 28 тамыз 11:20

ҚТЖ желісі бойынша биыл 55,6 млн тонна көмір тасымалданды

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Саламат Әбжалиевтің айтуынша, ҚТЖ желісі бойынша 2024 жылдың 7 айында көмір тасымалдау көлемі 55,6 млн тоннаны құраған. 

Ел ішінде 38,4 млн тоннадан астам қатты отын тасымалданса, ал 17,2 млн тоннасы – экспортталған. Көмірді экспорттық тасымалдаудың негізгі бағыттары: Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Қытай, Ресей. ҚХР-ға көмір тасымалдау көлемінің 5 есе өсуі байқалады.  

«2024-2025 жж. жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін ҚТЖ көмір тасымалдау бойынша жол картасын жүзеге асыруда. Құжатқа жедел штабтың, мониторингтік топтардың жұмысы жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ негізгі көмір тұйықтары бойынша шығу және мүдделі мемлекеттік органдар, көмір разрездері өкілдерінің қатысуымен кеңестер енгізілген», – дейді С. Әбжалиев.

ҚТЖ ЖЭО қоймаларындағы көмірді, қатты отын қорының қалдықтарын тасымалдауды қамтамасыз етуді мониторингілеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді, сондай-ақ жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қамтамасыз етуді және вагондар айналымының орындалуын бақылайды.