Астық тасымалдау көлемі 30%, яғни 5,8 млн тоннаға дейін артты. Астық экспорты 35% артып, 4,7 млн тоннаға жетті. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 12% дейін, яғни 1,5 млн тоннаға дейін өсті.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай жүктерін тасымалдау өткен жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда 3%, яғни 9,3 млн тоннаға дейін, құрылыс жүктерін 9%, яғни 7,6 млн тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштарды 6%, яғни 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайды.
Пайдалану жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% өсіп, 134,5 млрд т-км неттоны құрады.