К 30-летию Независимости Казахстана | 17 наурыз 16:30

ҚТЖ желісінде биыл өндірістік персоналдар үшін 117 модульдік ғимарат орнатылады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы желілік кәсіпорындар өндірістік персоналының қызметкерлері үшін әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Rail-news.kz.

Осы жылдың соңына дейін ҚТЖ желісінде қажетті жабдықтармен (кондиционер, су жылытқыш, электр плитасы және т.б.), тамақ ішуге және демалуға арналған жиһазбен, ыдыс-аяқтармен және төсек-орын жабдықтарымен жарақтандырылған өндірістік персоналдың тұруы үшін 117 модульдік ғимарат сатып алу және орнату жоспарлануда.

2022 жылы ҚТЖ желісінде 74 мобильді пункт орнатылды.