Оған «Адал жол» жобалық кеңсесінің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Корпоративтік қауіпсіздік, мүліктік құқықтарды қорғау және Комплаенс қызметі департаменттерінің өкілдері қатысты.
Нұрлан Игембаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күрес негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
«KTZ Express АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарламаны жүзеге асыруда. Ол барлық деңгейлерде ашықтықты және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуді қамтамасыз ететін жан-жақты және дәйекті шараларды қамтиды», – деді Нұрлан Игембаев.