«Күту парағы» қызметі билет болмаған жағдайда жолаушыға бос орынға кезекке тұруға мүмкіндік береді. Мұны пойыз жөнелтілгенге дейін 7 күннен және 2 сағаттан кешіктірмей жасауға болады. «Күту парағы» қызметін пайдалану тәсілі:
Bilet.railways.kz. сайтына тіркеліп, жеке кабинетке кіріңіз; Егер қажетті маршрутқа билет болмаса, парақшаның соңында «Күту парағына тұру» бөлімін таңдаңыз; Қажетті бағыт пен пойыз нөмірін, сондай-ақ, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін және электрондық пошта мекенжайын көрсету арқылы «Күту парағына» өтінімді толтырыңыз; Бос орын пайда болған жағдайда, сіздің жеке кабинетіңізге немесе SMS-хабарлама билетті сатып алу қажеттілігі туралы ақпарат келеді.Кезек автоматты түрде, адамдардың қалыптастыруынсыз жүргізіледі. Бұл шаралар заңсыз әрекетті болдырмау мақсатында, сондай-ақ, онлайн қызметке өзгерістер енгізбеу үшін қолданылады.
Жүйеде енгізілген билет сатудың жаңа механизмдерінің арқасында бос орындарды «ұстап алу» мүмкін емес. Егер кассир 30 секунд ішінде 5 бірдей сұраныс жасаса, билет сату жүйесі бұғатталады. Егер ол бірдей сұраныстарды жіберуді тоқтатпаса, үш сұраныстан кейін бағдарлама кассирді 5 минутқа бұғаттау мүмкіндігі туралы ескертеді. Осылайша, кассир орындарды «ұстап» ала алмайды.
Сондай-ақ, жолаушылар «Күту парағы» қызметін «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасына жүгіну арқылы пайдалана алады.