Атап айтқанда, Астана – Шу – Астана учаскесінде Тальго вагондарымен 20 минут аралықпен төрт жолаушылар пойызының қарқынды қозғалысын көздейтін жолаушылар пойыздары қозғалысының «пакеттік» кестесін әзірлеу жүргізілуде:
№3/4 Астана – Алматы, №9/10 Астана – Алматы, №71/72 Астана – Шымкент, №85/86 Астана – Шымкент.Осы жолаушылар пойыздарының жаңа кесте бойынша қозғалысы тәуліктің күндізгі уақытында 6 және одан да көп сағатқа созылатын жөндеу-жол жұмыстары үшін «толаскез» берумен байланысты олардың кешігуін болдырмайды.
Сондай-ақ Тальго вагондары екі жолаушылар пойызындағы стандартты вагондармен ауыстырылады:
№9/10 Астана – Алматы №71/72 Астана – Шымкент.Бұл пойыздардың жүру уақыты әр бағытта 3 немесе одан да көп сағатқа қысқарады.
Кешенді технологиялық шараларды іске асыру жолаушыларға пойыздар қозғалысының ыңғайлы кестесін ұсынуға мүмкіндік береді, жаңа маршруттар ұйымдастырылады және жылжымалы құрам қайта бөлінеді.
Пойыздар қозғалысының «пакеттік» кестесін енгізу 2023 жылғы 10 желтоқсаннан бастап жоспарланған. Оның орындалуы құрамдарға техникалық қызмет көрсетудің толық циклін, жолаушылар мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.