Ұлттық тасымалдаушы Рамазан айында жолаушыларға бір-біріне түсіністікпен қарап, ашуланбауды, отырған орында тазалықты сақтауды, сондай-ақ, денсаулыққа мұқият қарауды ұсынады. Ораза ұстаған жандарға саяхат кезінде әлсіздік сезінбеу үшін сапар алдында дәрігерге қарануға кеңес беріледі.
Сонымен қатар, Рамазан айында пойыздардағы вагон-мейрамханалар арнайы жұмыс кестесіне ауысады.
Вагон-мейрамханалар күнделікті 8:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Ораза тұтқан жандарға ыңғайлы болу үшін мейрамханалар сәресі уақытында таңғы сағат 03:30-дан 05:00-ге дейін ашық болады.
Вагон-мейрамханаларда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі.