К 30-летию Независимости Казахстана | 23 қыркүйек 08:20

ҚТЖ жоспары 101% орындалды

Жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері, атап айтқанда биылғы мамырданбастап тамызды қоса алғанда және қыркүйектің 15 күні аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 36,4 млн тонна тас көмір тиелді. Жоспар 101% орындалды. Экспортқа 11,6 млн тонна қатты отын тиелсе, қазақстандық тұтынушыларға 24,7 млн тоннасы жөнелтілді.

Бұл ретте бірқатар өңірлердің көмір тиеу бойынша жоспарды орындамағандығы атап өтілді. Олардың арасында Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-сұлтан қаласы да бар. Қыркүйек айында көмір разрездері 8,7 млн тонна көмір тасымалданатынын мәлімдеді.

Алайда, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ай сайын 8,8-9 млн тонна жүк тиеу қажет деп есептейді, бұл жылжымалы құрам тапшылығын және күздің соңы мен қыстың басындағы көмір тасымалындағы қарбаластарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша жол бөлімшелері басшыларына көмір тасымалдау өтінімдерін уақытылы қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру, сондай-ақ вагондардың тиеу-түсіру операцияларында болуы мерзіміне бақылауды күшейту тапсырылды.