Компанияның Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылымдық бөлімшелері филиалдарының 100 астам қызметкері Орал қаласында және 75 астамы Илецкте екі күндік оқудан өтті.
Сертификатталған ішкі жаттықтырушылар Алма Сәулебаева, Гүлнәр Қатаева, Меруерт Жұмаханова және Рашида Айтжанова "Коммуникациялардың тиімділігі", "Жанжалдарды басқару", "Эмоционалды интеллект" және "Клиентке бағдарлану" тақырыптарында тренингтер өткізді.
Тренинг тыңдаушылары "Білім экспресі" жобасы жұмыскерлер үшін өңірден тыс жерлерге бармай-ақ біліктілігін арттырудың тиімді және өте ыңғайлы нысанына айналғанын атап өтті.