К 30-летию Независимости Казахстана | 02 қыркүйек 16:30

ҚТЖ Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтті

«Дөңгелек үстел» ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу және қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту мақсатында өткізілді.

ҚТЖ орталық музейінде 5 қыркүйекте Қазақ тіл білімі, әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеуге арналған «Ардагер-теміржолшылар - ұлттық компанияның алтын қоры» атты іс-шара өтті.

«Дөңгелек үстел» ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу және қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту мақсатында өткізілді.

 

Кездесуге Айтбековтар мен Котыревтар еңбек әулеттерінің өкілдері шақырылды. Олар өз отбасыларының тарихын, бірнеше ұрпақты біріктірген сүйікті ісін айтып берді.