Тасымал өсімінің негізгі драйвері экспорттық жүктерді тиеу болды. ҚХР-ға экспорт 57 пайыз, яғни 1,2 млн тоннаға дейін өсті. Атап айтқанда, астық жүктері экспорты 125 пайыз артты. Қыркүйек айында импорт 13 пайыз өсті.
Жалпы, 2023 жылдың 9 айында елдер арасындағы жүк тасымалының жалпы көлемі 22 пайызға өсіп, 21,1 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Алтынкөл – Қорғас темір жол өткелі арқылы 9,2 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 28 пайызға жоғары. ҚХР-дан жүкті қабылдау 10 пайызға, 8,3 млн тоннаға дейін, тапсыру 31 пайызға, 12,8 млн тоннаға дейін өсті.
Қазан айының қорытындысы бойынша теміржолшылар 2022 жылғы тасымалдау көлемін орындауды жоспарлап отыр, ол 23,2 млн тоннаны құрады және тарихи максимум болып табылады.