Аниматорлар №6806 «Көкшетау-Астана» электр пойызының балаларына түрлі ойындар мен конкурстар ұйымдастырды.Сондай-ақ, балалар мен олардың ата-аналарына Қазақстан темір жолының тарихынан қызықты фактілер айтылды. Мереке ұйымдастырушылары жас саяхатшыларға шоколад, сусындар және шарлар беріп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Еске сала кетейік, ата-аналарға 7 жасқа дейінгі бір баланы бөлек орынсыз тегін тасымалдауға рұқсат етіледі. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билетпен жүруге рұқсат етіледі. Балалар билеті ересек билетінің құнының 50%-ын құрайды.
Жыл сайын Қазақстанда Көлік қызметкерлері күні тамыз айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі.