Құжатқа жедел штабтың, мониторингтік топтардың жұмысы жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ негізгі көмір тұйықтарына барып жағдаймен танысу және мүдделі мемлекеттік органдар, көмір разрездері өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізу енгізілген.
ҚТЖ-да көмір тасымалдауды үйлестіру жөніндегі жедел штаб жұмыс істейді, оған орталық аппарат пен аумақтық бөлімшелердің 60 астам қызметкері жұмылдырылған. Штаб тәулік бойы әрбір көмір разрезінен Қазақстанның барлық облыстарына және елдің жылу электр орталықтарына көмірді тиеп жөнелтуге мониторинг жүргізеді. Жедел режимде реттеу шешімдерін қабылдайды және бос вагондарды жіберу мен тиеуді шұғыл әрі орта мерзімді жоспарлауды қамтамасыз етеді.
ҚТЖ «Қаражыра» АҚ, «Майкубен Вест» АҚ, «Шұбаркөл Көмір», «Қазақмыс» АҚ көмір разрездерінің өкілдерімен бірқатар кеңестер өткізді, онда алдағы жылыту маусымының өтуі, көмір тасымалдарының біркелкілігі және тасымалдарды маршруттауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде көмір тасымалдауға «Қазтеміртранс» АҚ-ның 20 мыңға жуық жартылай вагоны тартылатын болады.