2,5 мың тоннадан астам сұйытылған газ осы жылдың сәуір айында Қостанай облысына мәлімделген қажеттілік жоспарына сәйкес жеткізілді.
Өңірге бағытталған вагондар жеделдетілген тәртіппен жеткізілуде.
ҚТЖ-да сұйытылған газ бен мұнай өнімдерін уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнай өңдеу зауыттарының жүктерді тасымалдауға барлық өтінімдері толық көлемде қамтамасыз етілуде.