К 30-летию Независимости Казахстана | 28 октября 14:42

ҚТЖ құрама командасы International Corporate Cup 2025 турнирінен жеңіспен оралды

ҚТЖ футбол құрамасы Түркияның Анталья қаласында өткен International Corporate Cup 2025 халықаралық турнирінде 1-орын иеленіп, жеңіспен оралды. Бұл жеңіс – теміржолшылардың бірлігі, рухы мен табандылығының айқын дәлелі! Команда сапында тамаша өнер көрсеткендер:

Багдат Абилкасымов — Жол және құрылыстар департаменті; Алибек Бейсенбаев — Тарифтік саясат департаменті; Димаш Амандық — Легана станциясының пойыз құрастырушысы; Сафарбек Амиралиев — Нұрлы Жол станциясының парк кезекшісі.

 

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында «ҚТЖ» командасы «QAZAQSTAN QYZMET CUP: BIRLIK 2025» турнирінде де жеңіске жетіп, «QYZMET CUP: BIRLIK» Кубогын — екі рет, «QYZMET CUP: Super CUP» Кубогын — үш рет иеленген жалғыз команда болды! Бір маусымда екі жеңіс — нағыз чемпиондарға лайық нәтиже! Команданы лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Теміржолшылар әрдайым биікте — рельсте де, футбол алаңында да!