К 30-летию Независимости Казахстана | 02 қыркүйек 10:42

ҚТЖ құрама командасы Qyzmet cup турнирінің Қазақстан чемпионы атанды

Елордада «Qyzmet cup» мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында шағын футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

Іс-шара ҚР Конституциясы күніне орайластырылды. Турнирдің финалдық матчы ҚТЖ мен ҚР ІІМ полиция департаменті арасында өтті, теміржолшылар қарсыластарынан мықты болып, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Турнирдің үздік ойыншысы Батырбек Еркебұлан атанды.

 

ҚТЖ құрама командасы бұған дейін екі рет 2018, 2022 жылдары «Qyzmet cup» атауымен өткен шағын футболдан республикалық жарыстардың чемпионы болған.

«Qyzmet Cup» шағын футбол турнирі құрылғаннан бері алтыншы рет өтуде.