К 30-летию Независимости Казахстана | 27 наурыз 09:07

ҚТЖ ҚХР-дан Орталық Азияға дейінгі жүк ағындарын Алтынкөл станциясына бағыттайды

Варшавада (Польша) өткен ТЖЫҰ кезекті кеңесінде Қытай Цзинхэ-Алашаңқай учаскесіндегі екінші желі құрылысы туралы, ал Қазақстан тарабы Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолдарын салу барысы туралы хабарлады. 

Осы жылдың 1 сәуірінен бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолдарын салу кезеңінде Қытайдан Орталық Азия (ОА) елдеріне және Алтынкөл – Қорғас пункті арқылы кері жүк транзитінің қозғалысын уақытша қайта бағдарлайды. 

Алтынкөл – Қорғас өткелі арқылы ҚХР-дан ОА-ға жүк тасымалдау Достық – Алашаңқай түйісуіне қарағанда 500 км қысқа және 10-15% арзан. Бүгінгі таңда Достық – Алашаңқай түйісуі бойынша тасымалдау үлесі Орталық Азияда жалпы көлемнің 20% аспайды.

Алтынкөл және Қорғас станциялары заманауи инфрақұрылымға ие  және жүктерді қабылдау мен беру үшін терминалдық мүмкіндіктері де бар.