Қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру жөніндегі шаралар шеңберінде айтарлықтай қаржылық салмаққа қарамастан, Компания осы жылы бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруға ниетті.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап желілік кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысы 5%-ға өсті, сондай-ақ негізгі өндірістік персонал қызметкерлеріне ағымдағы сыйақымен қамту жоспарлануда.
2023 жылғы 1 наурыздан бастап қызметкерлер жалақысын қосымша 10%-ға арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта Компания мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бірлесіп магистральдық теміржол желісі қызметтеріне реттелетін тарифті арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Әлеуметтік пакетті жақсарту және теміржолшылардың қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Дереккөз: Қазақстан теміржолшысы