К 30-летию Независимости Казахстана | 08 января 11:51

Магистральдық желі дирекциясы екінші реттік қайта өңдеуге 42 тонна қалдық тапсырды

 

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ҚТЖ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

 

 

Дирекция қызметкерлері мен тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру, ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттарын қалыптастыру мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылуда.

 

 

2025 жылы қайта өңдеуге өтеулі негізде 41,7 мың кг-нан астам қалдықтар тапсырылды. Оның ішінде макулатура – 1 731,7 кг, пластик – 5 632,81 кг, аккумуляторлық батареялар – 26 316,8 кг, пайдаланылған кеңсе техникасы – 2 635 кг, автомобиль шиналары – 5 380 кг, металл бөшкелер – 28 кг және картон – 6,5 кг.

 

 

Дирекцияның барлық филиалдарында 40 мыңнан астам қызметкердің қатысуымен 604 сенбілік өткізілді. Нәтижесінде 238 мың шаршы метрден астам аумақ тазартылып, 316 тоннадан астам қоқыс жиналды.

 

 

Сонымен қатар, бір жыл ішінде Дирекцияның желілік кәсіпорындарында 257 экологиялық акция ұйымдастырылды. Олардың қатарында «Қағазсыз күн», «Автосыз күн», «Пластиксіз күн», «Полиэтиленсіз күн», «Дүниежүзілік қоршаған орта күні», «Жасыл апта», «Жер сағаты», «Ең экологиялық отбасы», «Батареяны тапсырыңыз – кірпі өмірін сақтап қалыңыз», «Макулатураны тапсырыңыз – ағашты сақтаңыз», «Жасыл кеңсе» және «Суды үнемде» бастамалары бар.

 

 

ҚТЖ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы теміржол саласында экологиялық жауапкершілікті арттыру және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану бағытындағы кешенді жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра бермек.