Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын кеңейту, Астана, Ақтөбе мен Алматыда сауда хабтарын құру шеңберіндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Солтүстік – Оңтүстік бағытының транзиттік әлеуетін және Абу-Даби порттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігі қаралды.
AD Pоrts Group порттардың, экономикалық аймақтардың, теңіз, логистикалық және цифрлық бизнестің интеграцияланған инвестициялық портфелін ұсынады.