Құжат Астанадағы Электровоз құрастыру зауытында өндірісті және асинхронды тартқыш қозғалтқыштары бар жүк магистральдық электровоздардың жаңа түрін – KZ6A жеткізуді көздейді. Бұл модель жүк тасымалын дамыту қажеттіліктеріне жауап береді және 1980 жылғы үлгідегі ВЛ-80 ескірген локомотивтерін ауыстыруға келеді. Электровоздың жаңа түрі 40% арзанырақ, үнемді, энергия тұтынуды 20% төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тараптар келісімі бойынша Астана қаласында Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тасымалдау процесін басқарудың заманауи технологияларын дамыту және енгізу бойынша құзыреттер орталығын құру басталды.
Сондай-ақ, ALSTOM 700 астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, электровоздарға техникалық қызмет көрсетудің төрт орталығын салуға €50 млн инвестициялайды.