К 30-летию Независимости Казахстана | 23 желтоқсан 12:30

ҚТЖ мен Антикор компанияның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірлескен талдау жүргізді

ҚТЖ компанияда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді. Соның аясында ҚТЖ  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2022 жылдың тамыз айынан бастап бірлескен жұмыс іске асырылуда, деп хабарлады Rail-news.kz.

Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін ұсынымдарды қамтитын егжей-тегжейлі талдау жүргізді.

ҚТЖ құқық қорғау органдарымен бірлесіп сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларға жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Қазіргі уақытта компанияда анықталған фактілердің жолын кесу жұмыстары жүргізілуде.