Келісім шеңберінде 100 маневрлік және 100 магистральдық локомотив жеткізіліп, Қазақстанда жылжымалы құрамға қызмет көрсету сервистік орталықтарын ашу және инжинирингтік орталық құру жоспарлануда.
Маневрлік тепловоздар жақсартылған құрылымдық және тарту параметрлеріне ие. Олар Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып жасалған және — 40 °C-тан +50°C-қа дейінгі температурада жұмыс істей алады . Салмағы 135 тонна. Дизель-генератор қондырғысы ҚР-да қабылданған экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.
Қазақстан темір жолдары мен СRRC қытайлық корпорацияның ынтымақтастық тарихы 20 жылдан асады. Бүгін қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Жаңа буын гибридті локомотивінің жобалануы аяқталуда және де 2025 жылы оның өндірісі қолға алынады деп күтілуде.
CRRC Corporation Limited – әлемдегі ең ірі теміржол көлігі өндірушісі, ол әлемдік локомотив өндірісі нарығының шамамен 50% иеленеді.