"ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның ірі даму жобаларын қаржыландыру, оның ішінде Аягөз - Бақты теміржол желісін салу және қазақстандық-қытайлық шекарада жаңа шекара өткелі мәселелері талқыланды. Жаңа инфрақұрылым жүк айналымын жылына 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деп болжануда.
Банк басшылығы қаржыландыруды ұсыну ниеті туралы хабарлады. Кездесуде ЕАДБ техникалық жәрдемдесу қорынан жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге грант бөлу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.