Шараға ҚТЖ басшылығы, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті мен өңірлердегі желілік бөлімшелердің басшылары қатысты.
2022 жылдың қорытындысы бойынша темір жол нысандарына бейнебақылау камераларын, локомотивтерге бейнетіркегіштерді, темір жолға бөгде адамдар мен малдардың өтуіне жол бермеу үшін қоршаулар орнату жұмыстары жүргізілді.
Жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша іс шаралар жүргізілуде, нәтижесінде соқтығыстар мен жазатайым оқиғаларды 15%-ға азайды.
Тараптар көлік кешендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған екіжақты шешімдер қабылдады.