К 30-летию Независимости Казахстана | 21 сәуір 11:20

ҚТЖ мен ресейлік вагон операторлары меморандумға қол қойды

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – «Қазтеміртранс» АҚ Мәскеу қаласында өткен 25 халықаралық көліктік-логистикалық қызметтер, қойма жабдықтары мен технологиялар көрмесіне қатысты.

Көрмеде Әзірбайжан, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Қазақстан, Қытай, Латвия, БАӘ, АҚШ, Түркия елдерінен жүктерді тасымалдау және рәсімдеу бойынша қызмет көрсететін 200-ден астам компания өз өнімдері мен қызметтерін таныстырды. Қазақстандық компаниялардың ұлттық нақышта безендірілген стендтері еуропалық компаниялар өкілдерінің қызығушылығын тудырды.

Іс-шара аясында «Қазтеміртранс» АҚ өкілдерімен көлік-логистика саласындағы ірі компаниялармен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Қазақстан аумағында «Қазтеміртранс» АҚ сервистік шартымен «ПГК» АҚ мен «НПК» АҚ вагондарын тиеуді үлғайту және Ресей Федерациясы аумағында «ПГК» АҚ мен «НПК» АҚ сервистік шартымен «Қазтеміртранс» АҚ вагондарын тиеуді ұлғайту жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.