Дарбаза - Мақтаарал теміржол желісін салу жөніндегі инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда және Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталған.
Бұдан басқа, жоба Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірдің шағын және орта бизнесін ынталандыруға ықпал ететін болады. Теміржол салу кезінде жергілікті өндірушілердің материалдарын пайдалану жоспарлануда. Құрылыс кезеңінде 3400 жұмыс орны және пайдалану кезінде 500 астам жұмыс орны құрылады.
Жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспар бойынша жүріп жатқаны атап өтілді. Қазіргі уақытта жобалаушылар топогеодезиялық, гидрологиялық және археологиялық жұмыстарды аяқтады. Жер төсемдерін толтыру үшін карьерлер салу және жол құрылысына жерлерді резервтеу бойынша қажетті рәсімдер жүргізілуде.
Тараптар жобаны жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды уақтылы орындаудың маңыздылығын атап өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысында ҚТЖ инфрақұрылымдық жобасын іске асыруға толық көмек көрсетілетініне сендірді.
Кеңес қорытындысы "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен бекітілді.
Бүгінгі таңда ҚТЖ жалпы ұзындығы 1334 км жаңа теміржол желілерін салу бойынша 4 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруда.