Тараптар 2022 жылғы жұмысты қорытындылады және 2023 жылға жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға келісті. Бақты – Аягөз теміржол желісін салу және Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде қытайлық теміржолшылар Цзиньхе – Алашаңқай учаскесінде екінші жол құрылысының басталғаны туралы хабарлады және Бақты – Тачэн учаскесінде үшінші теміржол шекара өткелін салу жобасын іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар Үрімші қаласында қазақстандық терминал құру мүмкіндігін қарастырды.
Тараптар кездесулерді тоқсан сайын өткізуге келісті.