К 30-летию Независимости Казахстана | 03 мамыр 08:48

ҚТЖ мерейтойлық старты мәресіне жетті

Жеңімпаз – «Барыс» командасы.

Сәуір бойы демалыс күндері «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының орталық аппараты, филиалдары мен еншілес ұйымдары қызметкерлерінің командалары финалға шығу үшін күрескен болатын. 30 сәуірде болған финалда «Спарта», «Максимум» және «Барыс» командалары кездесті.

 

Тартысты әрі табанды күресте бірінші орын алған еншілес ұйымдары қызметкерлерінің командасы «Барыс» өзінің ептілігін, жылдамдығы мен күшін тағы да дәлелдеді.

 

Екінші орынға «Спарта» (орталық аппарат) командасы жайғасты.

 

Үшінші орынды филиалдар қызметкерлерінен құралған «Максимум» командасы иеленді.