К 30-летию Независимости Казахстана | 02 мамыр 09:25

ҚТЖ: мұнай өңдеу зауыттарының өтінімдері 100% қамтамасыз етілуде

Қостанай облысына сұйытылған газды тасымалдау мәселелері ҚТЖ-да штаб отырысында ҚР энергетика министрлігінің, облыс әкімдіктерінің және мұнай өңдеу зауыттарының қатысуымен бейнеконференция форматында талқыланды.

ҚТЖ-да Сұйытылған газ бен мұнай өнімдерін уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнай өңдеу зауыттарының жүктерді тасымалдау өтінімдері 100% қамтамасыз етілуде.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қостанай облысына өңірдің қажеттілік жоспарына сәйкес 2,5 мың тоннадан астам газ жеткізілгені атап өтілді. 3-ші мамырға дейін АМӨЗ қосымша 46 цистерна тиеуді жоспарлап отыр. Вагондардың қозғалысы ерекше бақылауда болады.