К 30-летию Независимости Казахстана | 19 шілде 08:18

ҚТЖ мыңдаған балаға қуаныш сыйлады

Балалық шақтың бақытты сәттері бала санасынан ешқашанда кетпейді. Қазақстан темір жолы осы тұрғыда қанша мың балаға бақытты сәт сыйлауда. Жыл сайын жүздеген теміржолшылардың балалары лагерде демалып, жазғы каникулдарын қызықты өткізеді.

Биылғы жылы «Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалы үш маусымда 172 баланың демалысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ақмола облысының Зеренді демалыс аймағына 20 баланы, Түлкібас ауданындағы Машат шатқалына 120 баланы, Жамбыл облысындағы Таусамалы шатқалына 32 баланы аттандырып, әр маусымға бөліп жіберуде. Тамыз айында Алматы облысына да 47 баланы жіберу жоспарлануда.  

Шымкент филиалы кадр бөлімінің бастығы Серік Тілеуімбетов балалардың жол сапары, жейтін тамағы мен қауіпсіздігі толық бақылауға алынғанын айтады.  

Сәбира Байзақова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"