Маркетингтік 2025-2026 жылдары (2025 жылғы қыркүйек – 2026 жылғы шілде) теміржол көлігімен 14,2 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% артық.
Негізгі өсім Орталық Азия бағыттарына тиесілі. Өзбекстанға 7 айда 3,1 млн тонна астық жөнелтілді – 47% артық. Ауғанстанға 605 мың тонна тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,5 есе артық.
Тасымалдау Қытай бағытында да өсуде. Достық және Алтынкөл станциялары арқылы 7 айда 449 мың тонна астық жөнелтілді – 22% артық. Бұл ретте астық таситын көліктердегі тасымалдау көлемі 17 есеге – 10 мыңнан 170 мың тоннаға дейін ұлғайды. Жылжымалы құрам жеткілікті.
2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша желіде 15 177 астық тасымалдаушы бар, оның ішінде 6 382 вагон «Астық Транс» АҚ-ның иелігінде. Жабық вагондар паркі 17 066 бірлікті құрайды. 2015 жылдан бастап Қазақстанда меншік иелері 2 578 астық тасушы сатып алды.