Корпоративтік даму бағдарламасына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «Хатшы-PRO» оқытуы өтіп, оның қорытындысы бойынша компанияның 42 хатшысы жаңа дағдылар мен білім ала алды.
Оқытудың басты мақсаты – жеке және командалық тиімділік деңгейін арттыру, ішкі байланыстың тиімді құралдарын анықтау, мінез-құлық этикасын жақсарту және компанияның бизнес басымдықтарын түсіну.
Оқытудың алғышарттары – хатшылар функциясын аутстаффингке көшіру, бизнес-процестерді оңтайландыру және цифрландыру бойынша сын-қатерлерді ескере отырып, біліктілікті арттыру.
«Қазіргі оқыту бағдарламасы бай және ерекше. Тұрақты өзгерістер, бизнесті трансформациялау және цифрландыру, сыртқы сын-қатерлер мен нарықтық өзгерістер жағдайында біз үшін басты мақсат – әрбір қызметкердің кәсіби және жеке іскерлік біліктілігін дамыту», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева.