Қазақстан темір жолының 120 жылдығына және теміржолшылар күніне орайластырылып ауылда футзал алаңы пайдалануға берілді. Онда енді теміржолшылар, мұнайшылар, жалпы ауыл жастары қалаған уақытында футбол ойнап, спорттық жарыстар өткізе алады. Мерекеге орай жаңа алаңда футзалдан жарыс өтіп, оған жергілікті және көршілес ауылдардан тоғыз команда қатысты.
Теміржолшылардың өзі 3 команда құрды. Жарыс нәтижесінде, «Зинеден-1» командасы жеңімпаз атанса, «ЭЧ-4» командасы ІІ орынды, ал «Зинеден-2» командасы ІІІ орынды иеленді. Сол күні веложарыс, қол күресінен де сайыстар өтті. Арнайы жиында жеңімпаздарға сәйкесті дипломдар мен сыйлықтар және көптеген теміржолшылар мен ардагерлерге салалық басшылар мен аудан әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.
Қазіргі кезде тәулігіне отыздан аса жүк және жолаушылар пойызы өтетін станцияда күні бүгінге дейін негізінен теміржолшылар көп қоныстанған, жалпы мың жарымдай тұрғыны бар, 11 жылдық мектеп, медпункт, екі балабақша жұмыс істейді.
Қосұйым Мұқашев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"