Кездесу барысында Орталық Азия мен Италия елдері арасындағы өңіраралық және жаһандық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойындағы жүк ағындары мен инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды.
Іскерлік іс-шара аясында «KTZ Express» АҚ Бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары Оразов Улугбек қатысушыларды ТХКБ дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті, сондай-ақ «KTZ Express» АҚ-ның Еуропадағы қатысуын кеңейтудің стратегиялық жоспарларымен таныстырды.
Қатысушылар көлік логистикасы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге және ТХКБ өткізу қабілетін дамыту жөніндегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде бірлескен өзара іс-қимылға өзара мүдделілігін растады.