Әзірлеме микропроцессорлық орталықтандырудың жаңа буынын білдіреді. Бұл ДО пунктінің желілік функциялары интеграцияланған автоматты құлыптаудың, автоматты локомотив және өткел дабылы функцияларын біріктіретін заманауи платформалық шешім.
МПО-QZ қолдану тасымалдау процесін басқаруды барынша автоматтандыруға, теміржол желілерінің қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кіріктірілген диагностика мен мониторинг жүйесінің арқасында пайдалану шығындары айтарлықтай азаяды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық зертханасының басшысы Бақыт Тойбаевтың айтуынша, жүйе адами фактордың әсерін азайтады, бұл пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне оң әсер етеді, сондай-ақ отандық кадрлардың дамуына және тасымалдау процесін басқаруға цифрлық технологияларды енгізуге серпін береді.