Олар әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдайды.
Комфортты Stadler купелік вагондары 40 орынға арналған.
Жаңа вагондар ауаны желдетіп, тазартып отыратын заманауи сүзгілерден тұратын баптау жүйесімен жабдықталған. Оған қоса, бейнебақылау құралымен жабдықталған: жолсеріктің қызмет бөлмесінде, дәліздер мен тамбурда алты бейнекамера орнатылады.
Ал, жолаушылар вагонындағы жылыту жүйесі – электрлі (көмірдің орнына).
Әр вагонға өрт кезінде белгі беретін құралдар, жеке өрт сөндіру түтіктері мен қосымша су қоры қойылған.
Әрбір купеге ұялы телефондарды қуаттауға арналған тоқ көздері мен USB көздері болады. Сондай-ақ, вагондарда тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш, ауызсу мен ыстық су бар.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ (ҚТЖ еншілес кәсіпорны) жылжымалы құрам паркіне ауқымды жаңарту жүргізу арқылы пойыздардағы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырмақ.
Stadler теміржол жылжымалы құрамаларын өндірумен айналысатын еуропалық ірі компания. Аталған компанияның вагондарын әлемнің 44 елі қолдануда, оның ішінде қысы қатал скандинавия елдері де бар.
ҚТЖ мен Stadler 2021 жылы серіктестік жөніндегі келісімге қол қойған.