Заманауи техника маневрлік және шаруашылық жұмыстарға арналған. Тепловоз кабинасында машинист пен оның көмекшісінің жұмысы үшін қолайлы жағдай жасалған.
ҚТЖ жылжымалы құрам паркін жоспарлы түрде жаңартып келеді. 2023 жылы 112 бірлік локомотив жеткізілді. 2029 жылға дейін 359 локомотив сатып алынады.
Бұдан басқа, ҚТЖ-ның қытайлық “CRRC Corporation Limited” корпорациясымен ынтымақтастық туралы келісімі аясында 100 маневрлік және 100 магистральдық локомотив сатып алынатын болады.