Әлеуметтік тұрақтылықты жақсарту бағдарламасы аясында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «СемАз» ЖШС отандық өндірушісінен 22 Dongfeng маркалы жолаушылар автобусын және 14 Газ-А65 R33 шағын автобусын сатып алды.
«Біз үшін қызметкерлеріміз үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету басымдық болып табылады. Адамдарымыздың жұмыс орындарына және ауысымнан кейін үйлеріне уақтылы әрі еш қиындықсыз жетуі маңызды», - деп атап өтті Павлодар жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Азамат Тайжанов.
Жаңа автобустар Қазақстанның бірқатар өңірлеріне: Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Семей, Алматы, Жамбыл, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау филиалдарына бөлінеді.
Айдана Ертай
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"