Қарғын суды өткізу бойынша өткен жылдар тәжірибесі алдын ала сарапталды. Сол арқылы барлық өңірлердегі 673 қауіпті жердің (құбырлар, көпірлер, жер төсемдері) тізімі анықталды. Соның негізінде су тасқыны болатын кезеңде бақылау күшейтіліп, тәулік бойына кезекшіліктер ұйымдастырылды, қосымша тексерулер жүргізілді.
Көпірлер, құбырлар, дренажды құдықтардың саңылаулары қардан тазартылып, таулы және су бұрғыш жыралар, астаулар және кюветтер қардан аршылды.
Жасанды құрылыстар 100 пайыз қардан тазаланды. Сонымен қоса шойтасы, рельс пакеттері, кондицияға сәйкес емес темір бетон шпалдары бар су тасқынына қарсы 45 пойыз жасақталды. Сондай-ақ мұзды жару және қар көшкінін түсіру бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуге келісімшарттар жасалды.