Жыл басынан бері республика бойынша 946,2 мың тонна сұйытылған газ тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға (немесе 72 мың тоннаға) артық. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 4,7 мың тонна, Ақтөбе облысына — 121 мың тонна, Жамбыл облысына — 61,6 мың тонна, ал Солтүстік Қазақстан облысына 30 мың тонна жөнелтілді.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі штаб тәулік бойы жұмыс істейді, вагондар қозғалысы ерекше бақылауда. Тиелген және бос вагондарды жылжыту үшін жеке диспетчерлер бөлінген, жылжымалы құрамның нормативтік айналымы қамтамасыз етілген.
Бұдан басқа, 2023 жылғы желтоқсаннан бастап Компанияда сұйытылған газы бар цистерналарды басым өткізу, вагондарды кірме жолдардан уақтылы беру және жинау, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарында бос цистерналардың қорын қамтамасыз ету үшін вагон операторларымен бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған бұйрық қолданылады.