К 30-летию Независимости Казахстана | 14 ақпан 09:30

ҚТЖ «Теміржол аруы – 2022» фотобәйгесін жариялады

Қатысу үшін өтініш пен фотосуретті 2022 жылдың 18 ақпанына дейін жіберу керек.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ 8 наурыз – әйелдер мерекесі «Теміржол аруы – 2022» фотобәйгесін жариялады. Байқауға жасы мен отбасы жағдайына қарамастан «Қазақстан Темір Жолының» барлық нәзік жанды қызметкерлері қатыса алады.

 

Қатысу үшін өтініш пен фотосуретті 2022 жылдың 18 ақпанына дейін жіберу керек. Өтінім келесі ақпаратты қамтиды:

Қатысушының аты-жөні; туған күні; тұрғылықты жері; лауазымы және жұмыс орны; байланыс (моб. тел және пошта); өзіңіз туралы қызықты деректер; дауыс берушілер білуі керек қосымша ақпарат; мамандықта ең бастысы не ұнайды және неге?⠀

«Байқауға қатысуға өтінім жібере отырып, Сіз компанияның ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде өз фотосуретіңізді жариялауға автоматты түрде келісім бересіз. Дауыс беру «ҚТЖ» ҰК» АҚ ресми сайтында 21 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді» делінген компания таратөан хабарламада.