2022 жылы 1 сәуірде сағат 21.00-дер шамасында Қарағанды облысының Мойынты-Саяқ телімінде жергілікті тұрғын әйел теміржолдың жолаушылар өтуге арналмаған телімінен кесіп өтпек болған.
Жүк пойызын тізгіндеп келе жатқан машинист оқыс тежеу бергенімен ол әрекетінен ештеңе шықпай, әйелді соқпай өту мүмкін болмады. Әйел оқиға орнында көз жұмды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ халықтан теміржолда жүру ережелерін қатаң сақтауды, белгілерге назар аударып, теміржолдан өтерде өте мұқият болуды сұрайды.
Пойыздың тежеу жолы 800-1000 метр, сондықтан құрамды дереу тоқтату мүмкін емес.