ҚТЖ еріктілері екі күн бойы кеңсе керек-жарақтарының жиынтығын жинады. Осы аптада оларды желіге, алыс станциялар мен разъездерге алушыларына жібереді.
Оқу жылының басталуы қарсаңында қызметкерлер балаларына атаулы көмек көрсету «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның игі дәстүріне айналды. Компания «Балаларды мектепке жинаймыз» қайырымдылық акциясын үшінші жыл қатарынан Қазақстан, Ресей және Беларусь темір жолдары бірлескен «БКЛК ЕРА» АҚ кәсіпорнының қолдауымен өткізеді.
«Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау «ҚТЖ» ҰК» АҚ саясаты басты басымдықтарының бірі болып табылады. Компания басшылығы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін барлық күш-жігерін салуда», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Ақмарал Байғабұлова.