К 30-летию Независимости Казахстана | 12 қазан 13:00

ҚТЖ тоғыз айда 10 миллионнан астам жолаушы тасымалдады

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ҚТЖ желісінде 10,5 млн жолаушы тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ке артық.

Жолаушыларға қызмет көрсету үшін 2 мыңға жуық вагон тартылған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазіргі таңда ҚР бойынша жолаушылар пойызы 138 бағыт бойынша жүреді.

Оның ішінде:

«Жолаушылар тасымалы» АҚ – 100 маршрут (72%); Жеке тасымалдаушылар – 29 маршрут (21%); Көрші елдерде құрылған – 9 маршрут (7%).